Ресейдегі пойыз апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Ресейдегі пойыз апатынан 140-тан астам адам зардап шеккен
29 шілдеде Ресейдің Волгоград облысында жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Осыған байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі ақпарат құралдарына түсініктеме берді деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Министрліктің хабарлауынша,
Ресейдегі пойыз апатынан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, кешегі апаттан 140-қа жуық адам зардап шеккен. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза болғандар жоқ, 55 адам ауруханаға жатқызылған.
Айта кетейік, пойызда 800-ден аса адам болған.