Роналду: 2026 жылғы әлем чемпионаты – менің соңғы турнирім
Футбол әлемінің жұлдызы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионаты өз мансабындағы соңғы жарыс болатынын айтты.
40 жастағы «Аль-Насрдың» капитаны Криштиану Роналду Канада, Мексика және АҚШ-та өтетін 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты оның мансабындағы соңғы дода болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Футбол жұлдызы мансабын әлемдік аренада әдемі әрі әсерлі түрде аяқтауды көздеп отыр.