Сауд Арабиясында хирург операция үстінде қайтыс болды
Ортопед-хирург Сауд Арабиясының оңтүстік-батысында операция жасау кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды.
БАҚ мәліметінше, Сауд Арабиясының Асир ауданындағы Хамис Мушайт ауруханасында дәрігер Махди әл-Эмаридің іші қатты ауырған, бірақ бұған қарамастан ол жоспарланған операцияны өткізуді талап еткен.
Аурухананың ортопедиялық бөлімінің басшысы медициналық тексерулерге сәйкес, әл-Эмаридің өліміне инфаркт себеп болғанын айтты.
"Махди әл-Эмари дәрігер өмірінің соңғы сәтіне дейін жасай алатын құрбандықтың үлгісін көрсетті. Іші қатты ауырғанына қарамастан, ол науқасқа операция жасауды талап етті. Ол өз жұмысын істеп жатып қайтыс болды", - деді доктор Әл Шехри.Хирургті әріптестері ауыстырып, операцияны аяқтаған. Желі қолданушылары осы оқиғадан кейін дәрігерге құрмет білдіріп жатыр. tengrinews
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Ералы Тоғжанов Қордай ауданының тұрғындарымен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Әлемде
Жасанды интеллект: Қазақстан 50 озық елдің қатарына енді
- авторМағжан Орынбасар
- 7 қараша, 2024