Әлемде

Шарм-эль-Шейх әуежайындағы қайғылы оқиға: қазақстандық әйел көз жұмды

The final spritzer

Шарм-эль-Шейх әуежайында Астанаға ұшуға дайындалып жатқан сәтте үш қазақстандық әйелге жарнамалық тақта құлап түскен.

Соның салдарынан бір әйел оқиға орнында көз жұмды, қалған екеуі түрлі дене жарақатын алды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Кеше Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу залында рейске отыруды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық құрылым құлап кетті. Апат салдарынан бір Қазақстан азаматы қаза тапты, тағы екі әйел жеңіл жарақат алды. Қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыс орнатылды, консул барлық қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Зардап шеккен екі азаматқа медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп жоқ", – делінген хабарламада.

Мысыр тарапы Қазақстан азаматының қаза болуына байланысты шынайы көңіл айтты. Египеттің азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алып, оқиға орнына арнайы комиссия жіберді.

Қазір бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. ҚР елшілігі де жағдайды ерекше бақылауға алған.