Әлемде

Сомали жағалауында теңіз қарақшылары кемені басып алды

Сомали жағалауында теңіз қарақшылары кемені басып алды

Сомали жағалауында теңіз қарақшылары Панама елінің туы ілінген кемені басып алды. Қарулы алты қарақшының Біріккен Араб Әмірліктерінен Могадишо кемежайына бағыт алып, жолда техникалық себептермен тұрып қалған кемеге шабуыл жасағаны белгілі болды. Команда мүшелерінің саны мен азаматтығы белгісіз. Сомали билігі басқыншылармен байланыс орнатуға әрекеттеніп отыр. inform.kz