Әлемде

Стамбулдағы келіссөз аяқталды: Ресей мен Украина не туралы уағдаласты

«УНИАН» агенттігінің мәліметінше, Умеров Киевтің Мәскеуге тамыз айының соңына дейін президенттер деңгейінде кездесу өткізуді ұсынған.

Ал, Украина делегациясының жетекшісі Рустем Умеровтің айтуынша, кездесу барысында атысты тоқтату, тұтқындарды босату және «әділетті бейбітшілікке қол жеткізу үшін мемлекет басшыларының кездесуі» мәселелері талқыланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Келіссөздер жабық есік форматында өтті және бір сағатқа да жетпеген. Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, тараптар жаңа тұтқындармен алмасу туралы уағдаластыққа келген. Бұл алмасуларға әскери қызметкерлермен қатар, бейбіт тұрғындар да қатыса алады – жалпы екі тараптан кемінде 1200 адам.

ТАСС агенттігінің дерегінше, келісілген жаңа тармақтардың орындалуына қарай Ресей мен Украина арасындағы төртінші келіссөз раунды өткізу туралы шешім қабылданатын болады.