Түркия армиясы жаңа буындағы «Алтай» танктерін қабылдады
Түркия Қарулы күштері өз техника паркін жаңа деңгейге көтерді.
Қарулы күштерге «Алтай» негізгі жауынгерлік танктерінің алғашқы легі тапсырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
TRT Haber ақпаратына сүйенсек, жаңа буынды танктерді тапсыру рәсіміне Президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуы жоспарланып отыр.
BMC компаниясының Анкарадағы зауытында өндірілген «Алтай» танктері Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі саналады. Алғашқы үлгілер шетелдік қозғалтқыштармен жасалғанымен, жақын арада машиналар толықтай жергілікті BATU қозғалтқышымен шығарыла бастайды.
Жалпы 250 танк өндіру көзделген, олардың 85-і – Т1, 165-і – Т2 нұсқасында болмақ.
«Алтай T1» моделі мыналарымен ерекшеленеді:
Қорғаныс жүйесінің заманауи активті және реактивті түрлері орнатылған;
360° деңгейінде толықтай қорғаныс қамтамасыз етілген;
Барлық негізгі агрегаттар мен жүйелер жергілікті өндірістен алынған;
Экипаждың қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай арттырылған.
«Алтай» жобасы Түркияның ұлттық технология мен қорғаныс саласында дербестікке ұмтылысын және өндірістік әлеуетінің артуын айқындайды.