Әлемде

Түркияда 6,2 балдық жер сілкінісі тіркелді

The final spritzer

Бұл ақпаратты елдің ішкі істер министрі Али Ерликая өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады

Түркияда магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Оның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Стамбұл провинциясының Силиври ауданында болған. Жер сілкінісі көрші провинцияларда да сезілген.

AFAD (Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқарма – ред. ескертпесі) және басқа да жауапты мекемелердегі топтар зерттеу жұмыстарын бастап кеткен.

"Құдай, біздің мемлекетімізді және халқымызды зілзаладан сақтасын!" - деп жазды ол.