Әлемде

Түркияда қауіпті маса пайда болды

Түркияда қауіпті маса пайда болды

Түркияда бұрын ел территориясында болмаған азиялық жолбарыс масасы пайда болды, - деп хабарлайды НТВ арнасы HabberTurk газетіне сілтеме жасап. Басылым мәліметінше, азиялық жолбарыс масасы жаңа мекенге оңай бейімделеді. Қазірдің өзінде Ыстамбұлдың бірнеше ауданында қауіпті жәндіктің ірі ошақтары пайда болды.

Ғалымның айтуынша, бұл маса түрлі ауруды, оның ішінде Зика вирусы мен сары безгекті тасымалдайды. tengrinews