Түркиядағы жер сілкінісінен 80 миллиард доллар шығын келді
Түркиядағы жер сілкінісінен 80 миллиард доллар шығын келді
Түркия ауыл шаруашылығы министрінің мәліметінше, зардап шеккен провинциялар экспортқа бұрынғыдан 40 пайызға аз өнім шығара бастаған. Таяуда БҰҰ жер сілкінісінен келген шығын 100 миллиард доллардан асуы мүмкін деп хабарлаған еді. Ал Дүниежүзілік банк шығынды 34 миллиард долларға бағалады. ▪️Түркияда 6 ақпанда 7,7 және 7,6 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Түркияның 11 провинциясы мен Сирияның шекаралас аймақтары зардап шекті. 46 мың адам көз жұмды.