жұма, 13 маусым, 2025 2:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Түркияда жаңа Конституция әзірлеу бастамасы қайта көтерілді

Түркияда жаңа Конституция әзірлеу бастамасы қайта көтерілді
Фото: Mustafa Kamaci/Anadolu Agency via Getty Images
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елге жаңа Конституция қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол 19 мамырда жастармен және спортшылармен кездесуде айтты.

Президенттің айтуынша, 20 жыл бұрын қабылданған қолданыстағы Конституция қазіргі заман талаптарына сай келмейді. Ердоған жаңа негізгі заң – демократиялық, азаматтық және жаңғыртылған құжат болуға тиіс екенін атап өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

— Түркия демократиялық, азаматтық және жаңартылған конституцияға лайық. Біз бұл процесті бұдан былай кейінге қалдыра алмаймыз, — деді Режеп Тайып Ердоған.

Жаңа Конституция тақырыбы Түркияда бұған дейін де көтерілген. Алайда бұл жолы Ердоған билік нақты қадамдарға баруға дайын екенін ашық мәлімдеді.

Президенттің жақтастары бұл бастаманы елдегі демократиялық жаңғырумен және әскери төңкеріс кезеңінің қалдығынан арылумен байланыстырады. Дегенмен кей сарапшылар бұл қадам Ердоғанның саяси мүдделерімен де ұштасып жатқанын айтады.

Қазіргі Конституция бойынша, президент екі мерзімнен артық сайлана алмайды. Ердоған бұл лауазымды екінші рет атқарып отыр. Сондықтан жаңа Конституция қабылданса, "нөлден бастау" қағидасы бойынша оған тағы бір мәрте сайлауға түсуге мүмкіндік туындауы мүмкін.

Осыған байланысты, Әділет және даму партиясы 2027 жылы кезектен тыс сайлау өткізу нұсқасын да жоққа шығармай отыр.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар