Түркияның Балыкесир өңірінде 4,5 магнитудалы жер сілкінісі болды
Қазір тексеру және бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркияның Балыкесир қаласына қарасты Сындырғы ауданында 4,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
AFAD агенттігінің хабарлауынша, дүмпуден кейін аймақта ешқандай зардап немесе қирау тіркелмеген. Қазір тексеру және бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жерасты сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 11:58-де орын алған. Зілзала ошағы шамамен 7,14 шақырым тереңдікте болған.