Тәжікстандағы жер сілкінісінде үш жастағы бала қаза тапты

Бұл туралы Тәжікстан елінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің дағдарыс жағдайларын басқару орталығы мәлімдеді
Тәжікстанның шығысындағы жер сілкінісі салдарынан үш жасар бала көз жұмды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Рашт ауданында болған жер сілкінісі кезінде үш жасар бала үйдің құлаған қабырғасының астында қалып, қайтыс болды», – делінген ресми хабарламада.
13 сәуір күні Тәжікстанның шығыс бөлігінде үш жер сілкінісі тіркелген: біріншісі – сағат 09:24-те, магнитудасы 5; екіншісі – 12:14-те, магнитудасы 4; үшіншісі – 13:33-те, магнитудасы 3. Алғашқы дүмпу Қазақстанның оңтүстігіндегі 30-дан астам елді мекенде сезілген.
Жер сілкінісі салдарынан Тәжікстанда 17 үй мен бір мектеп жартылай қираған.
Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Душанбеден солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде, Рашт ауданында орналасқан.