Әлемде

Таңғажайып жайтқа куә болды

Таңғажайып жайтқа куә болды

Ливандағы талай адамның ажалына себепкер болған алапат жарылыстан зәулім ғимараттардың өзі үйіндіге айналғанын білесіздер. Мұсылмандар Раббасын күніне бес уақыт намазбен еске алып қоймай, сонымен қатар, өмір сүру салтын да сүннетке сай қалыптастыруға күш салады. Сондай ынталы мұсылмандардың бірі жұмысынан кетерді кабинетін, ондағы дүние-мүлкін аман сақтауды сұрап, дұға етіп, Аллаға аманаттап кетеді. Бұл күнделікті әдетіне айналған. Жойқын жарылыстан кейін жұмыс орнына келген ол тас-талқаны шыққан, терезесі шағылған кеңсені аралай жүріп отырып, өзінің жұмыс кабинетіне енеді. Өз көзіне өзі сенбей, таң-тамаша тұрып қалады. Өйткені, оның кабинетінде бәрі қаз-қалпында тұр, тіпті, бірде-бір қағаз үстелден түспеген. islam.kz