Әлемде

Тарихта алғаш рет қазақ әйелі Моңғолияда депутат болды

Ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі

Тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz

Ел қолдауына ие болған Замира Сонгобай көпбалалы ана. Сонымен қатар, ол Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі. Ал, мамандығы – экономист.

Моңғолияда өткен жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентте  депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген.  Осылайша сайланған 32 әйелдің қатарына қазақстандық кіріп отыр.