Таяу Шығыста шиеленіс күшейді: Израиль Иранға соққы берді

Израиль Қарулы күштері (ЦАХАЛ) Иран аумағындағы ондаған нысанаға жойқын әуе шабуылы жасалғанын мәлімдеді.
Reuters агенттігінің мәліметінше, соққы Иранның ядролық бағдарламасы мен әскери инфрақұрылымына қатысты нысандарға бағытталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жарылыстардың үні Натанз қаласындағы ядролық орталық маңында анық естілген.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеді:
Батыс БАҚ-тың хабарлауынша, Израильдің әуе күштері Иранның әскери және ғылыми жетекшілеріне бағытталған дәл соққылар жасаған.
Қаза тапқандардың арасында:
– КСИР штабының бастығы Хоссейн Салами,
– Ядролық сала мамандары Ферейдун Аббаси-Давани мен Мохаммад Мехди Техранчи бар.
Иран баспасөзінің ақпаратына сәйкес, Аятолла Хаменеи кеңесшісі Али Шамхани ауыр жараланған.