жұма, 9 қаңтар, 2026 13:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды

Tesla әлемдегі ең ірі электромобиль өндірушісі атағынан айырылды
Getty Images / Sjoerd van der Wal
Tesla дерегінше, 2025 жылы 1,64 млн көлік жеткізілген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9%-ға аз.

АҚШ-тың Tesla компаниясы электромобиль сатудан әлемдік көшбасшылықты қытайлық BYD компаниясына берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Sky News-қа сілтеме жасап.

Tesla үшін өткен жыл оңай болмады. Компания бас директоры Илон Масктің саяси белсенділігіне қатысты алаңдаушылық пен шетел нарықтарындағы қатаң бәсеке сатылымның қатарынан екінші жыл төмендеуіне әсер етті.

Tesla дерегінше, 2025 жылы 1,64 млн көлік жеткізілген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 9%-ға аз.

Ал қытайлық BYD 2025 жылы 2,26 млн электромобиль сатты. Осы көрсеткіштің арқасында компания әлемдегі ең ірі электромобиль өндіруші атанды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар