Трамп АҚШ-тың Сирияға қарсы санкцияларын алып тастады
- авторБақытжан Бекболат
- 1 шілде, 2025
- 313

Президент Дональд Трамп 2004 жылдан бері күшінде болған төтенше жағдай режимін жоятын жарлыққа қол қойып, бұған дейінгі бес әкімшіліктің бірқатар жарлықтарын күшін жойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Салдарынан 518 жеке және заңды тұлға санкциялық тізімнен шығарылды. Бұл сириялық компанияларға сыртқы нарыққа қайта шығуға, шетелге төлем жүргізуге және шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
Ақ үй бұл шешімнің нысаналы сипатын сақтайтынын нақтылады – санкциялар Башар Асадқа, оның айналасындағы адамдарға, азаптауға қатысқандарға, химиялық қару, есірткі саудасы және ИМ содырларымен байланысты адамдарға қатысты күшінде қала береді. Пресс-хатшы Кэролайн Ливитт сондай-ақ Иран қолдайтын қарулы топтар да шектеулер тізімінде қалатынын мәлімдеді.
Сирия Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді тарихи деп бағалады. Министр Асад аш-Шибани: "АҚШ елді қалпына келтіруге кедергі болған тосқауылды алып тастады, енді халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталады", – деді. Осы уақытта Еуроодақ та Дамаскке қатысты санкциялық бағдарламасын аяқтағанын жариялады.
Дегенмен, "Цезарь" заңы бойынша енгізілген кейбір шектеулер әлі күшінде. Оларды толық жою үшін АҚШ Конгресінің шешімі қажет. Сонымен қатар АҚШ Мемлекеттік департаменті Сирияның "терроризмді қолдайтын ел" ретіндегі мәртебесін қайта қарастырып, экстремистік топтар тізімін жаңартуды жоспарлап отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Еуропада тағы бір мемлекет орыс тілінен бас тартып жатыр
- авторБақытжан Бекболат
- 18 шілде, 2025