Трамп Гарвардтан шетелдік студенттер туралы мәлімет талап етті

АҚШ президенті Дональд Трамп Гарвард университетінен шетелдік студенттер туралы мәліметтерді жариялауды талап етті.
Truth Social желісінде ол Гарвард студенттерінің 31 пайызы – өзге елдердің азаматтары екенін жазды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Трамптың айтуынша, университеттің 52 миллион доллары бар, бұл қаражатты олар федералды үкіметтен көмек сұрамай-ақ пайдалана алады.
22 мамырда АҚШ әкімшілігі Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салды. Оқу орнында оқып жүрген шетелдік азаматтар егер елде заңды мәртебесін жоғалтқысы келмесе, басқа университетке ауысуы тиіс екені хабарланды. Алайда келесі күні сот бұл шектеуді уақытша тоқтатты.