Әлемде

Трамп: Украинада жаңа президенттік сайлау өткізетін уақыты келді

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Украинада жаңа президенттік сайлау өтуі керек.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Politico басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Иә, менің ойымша, қазір дәл уақыты. Олар соғысты себеп етіп, сайлауды кейінге қалдырып отыр. Бірақ украин халқының өз таңдауын жасауға мүмкіндігі болуы керек», – деді ол Politico басылымына берген сұхбатында.

Трамптың пікірінше, Владимир Зеленскийдің қайта жеңіске жету ықтималдығы да бар. 

«Кімнің жеңетінін айта алмаймын. Бірақ оларда сайлау өткізілмегеніне көп болды. Өзін демократиялық мемлекет деп атайтын елде белгілі бір кезеңнен кейін бұл демократия талаптарына сай келмей қалады», – деді ол.

Украинада кезекті президенттік сайлау 2024 жылы өтуі тиіс еді. Алайда Ресейдің кең ауқымды басқыншылығы басталған соң енгізілген әскери жағдайға байланысты сайлау мерзімі шегерілген. 

Бұған дейін де Трамп Украинада сайлау өткізуді ұсынған. Бұл талап оның соғысты тоқтату жөніндегі жоспарына да енгізілген болатын.