жексенбі, 7 шілде, 2024 10:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Вакцина үміттендіргенмен, COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ

Вакцина үміттендіргенмен, COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ
ашық дереккөзі
Вакцина үміттендіргенмен, COVID-19 пандемиясы әлі аяқталған жоқ

Жұма күні  ДДҰ коронавирустың жаңа түріне қарсы вакциналар жасау прогрессінің арқасында адамдар «туннельдің аяғындағы жарықты» көре бастағанын, бірақ пандемияның әлі аяқталмағанын айтты. Бұл туралы  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді.

Сол күні өткен брифингте Т.А.Гебрийесус вакцина жасау саласындағы прогресс көңілге қуаныш ұялататынын атап өтті. Алайда ДДҰ-ны COVID-19 пандемиясы әлі аяқталмағаны, көптеген аймақтарда вирустың өте жоғары таралу қарқыны бар екені алаңдатып отыр. Ауруханалар, жан сақтау бөлімдері мен  медицина қызметкерлері әлі күнге дейін пандемияның салдарымен бетпе-бет қалып отыр.  Вакциналар жасалғаннан кейін де, оның айтуынша, әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін санитарлық нормалар сақталуы керек.

Жақын арада мемлекет басшылары мен азаматтар қабылдайтын шешімдер вирустың қысқа мерзімде қалай әрекет ететініне және пандемия аяқталған кезде шешуші әсер етеді.

ДДҰ басшысы айтып өткендей, вакциналардың бүкіл әлемге таралуы өте маңызды. Ол бірінші кезекте медициналық және әлеуметтік қызметкерлерге вакцинаның жеткілікті мөлшерін ұсыну керектігін атап өтті.

Вакциналарды жеткізуді, өндіруді, тасымалдауды және қаржыландыруды қамтамасыз етуден басқа, ол әлемнің көшбасшыларын вакцинацияның маңыздылығы туралы халыққа түсіндіруге шақырды.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар