Әлемде

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы жойылады

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы жойылады

Қырғызстанда премьер-министр лауазымы болмайды. Бұл туралы ел президенті Садыр Жапаров мәлімдеді.

Садыр Жапаров жаңа үкіметке өзін көрсетуі үшін жарты жыл уақыт берді.

Бұған дейін Садыр Жапаров Үкіметтің жаңа құрамы мен құрылымын бекітті. Қырғызстан премьер-министрі болып елдің экс-президенті Алмазбек Атамбаевтың көмекшісі Ұлықбек Мәріпов тағайындалды.

Ұлықбек Мәріпов қабылдаған шешімдердің бірі - туған бауыры Бақытбек Мариповті жұмыстан шығаруы болды.

24.kg