Кездесу барысында екі ел арасындағы әріптестіктің маңыздылығы, әсіресе энергетика саласындағы ынтымақтастық ерекше атап өтілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz dw.com-ға сілтеме жасап.
Әзербайжан тарапының хабарлауынша, қазіргі таңда Сирияда энергетикалық дағдарыс тереңдеп отыр.
Әзербайжан газының Түркия арқылы Сирияға экспортталуы жақын арада жүзеге асады деп күтілуде. Әлиев әкімшілігі бұл қадам Сирияның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосатынын атап өтті.
AFP агенттігі исламшыл билікке көшкен Сирия үкіметі Башар Асад режимі құлағаннан кейін, он төрт жылға жуық уақытқа созылған азаматтық соғыстан соң елдің инфрақұрылымы мен экономикасын қалпына келтіруге күш салып жатқанын жазады. Биыл мамырда Сирия билігі Түркиямен табиғи газ жеткізу жөнінде келісімге келгенін хабарлаған.






