дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Аз қамтылған оқушыларға моноблок, ноутбук және планшеттер беріледі

Аз қамтылған оқушыларға моноблок, ноутбук және планшеттер беріледі
ашық дереккөзі
Аз қамтылған оқушыларға моноблок, ноутбук және планшеттер беріледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде. Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, әлі күнге дейін нақты бір онлайн-платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажет. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл, әсіресе, мектептер үшін аса маңызды»,  деген болатын. Шынында, аты жаман індет білім беру саласының жұмысына елеулі әсер етіп отыр.   Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында Жуалы ауданына Жамбыл облыстық білім басқармасы тарапынан барлығы 1103 компьютерлік техника бөлініп отыр. Күні кеше ауданға облыс орталығынан 100 ноутбук және 169 моноблок жеткізілді. Оны аудандық білім бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері, сонымен қатар, «Jýaly adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгерім Қасымғали күтіп алып, құрал-жабдықтарды жүк көлігінен түсіргеннен бастап, моноблоктар мен ноутбуктардың іске қосылып, қаншалықты сапалы жұмыс істейтініне көз жеткізді. Айта кету керек, аудандық білім бөліміне қарасты мектептердің ІТ мамандары құрал-жабдықтарды іске қосып, тауардың техникалық сипаттамасына сай жұмыс істейтінін көрсетіп берді. -Қашықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында біздің ауданға, дәлірек айтқанда, білім бөліміне қарасты бірқатар мектептерге Жамбыл облыстық білім басқармасы тарапынан барлығы 1103 компьютерлік техника бөлініп отыр. Мұндай құрал-жабдықтан қашықтан білім алып жатқан оқушыларға аса қажет. Техникаларды облыс әкімдігінің білім басқармасы мамандарының хабарлауынан кейін бірден алып келіп жатырмыз. Бұл іске алдын ала комиссия құрамы бекітіліп, жеткізілген компьютерлік техникаларды қабылдауда. Бұл компьтерлік техникалардың барлығы ауданымыздағы қашықтан оқып жатқан тоғыз мектепке, атап айтқанда, №1 мектеп-гимназия, №2 Мыңбұлақ орта мектебі, №5 М.Ломоносов атындағы орта мектеп, №30 Көктөбе орта мектебі, №27 Диқан орта мектебі, №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп, №29 орта мектеп, №15 мектеп-лицей, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияларына комиссия құрамымен мектеп балансына берілетін болады. Ал мектеп басшылығы оны аз қамтылған, әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы немесе толық емес отбасылардан шыққан компьютері жоқ оқушыларға алдын ала жасалған акт негізінде уақытша пайдалануға берілетін болады. Бұл ретте әр мектептің жауапты ІТ мамандары, ата-аналарға техниканың пайдалану және қауіпсіздік шараларын түсіндіреді,- дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Назиля Тұрмаханбетова. Тағы бір айта кететін мәселе, ауданға жеткізілген компьютерлік техникалардың сапасы, оқушылардың қолына жетуі, сапалы жұмыс істеуі «Jýaly adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің жетекшісі Айгерім Қасымғалидың ұдайы бақылауында болады. Нұржан МАНАСҰЛЫ, Жуалы ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар