Әлеумет

Қазақстанда жетімдер үйі азайып жатыр – ресми мәлімет

3 жыл ішінде 21 ұйымның жабылғаны белгілі болды

Қазақстанда жыл сайын жетімдер үйі азайып жатыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел кезінде Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Оның айтуынша, жыл сайын Қазақстандағы отбасылар шамамен 1000 жетім баланы асырап алады екен. Қазір елдегі 21 мың жетім баланың 17 мыңнан астамы асырауға берілген.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қарағанды облысының прокурорлары 2011 жылы анасы тастап кеткен бала қағаз жүзінде жетімдер үйінде тіркелгенін, бірақ, шын мәнінде ол баланың қайда өмір сүріп жатқаны белгісіз екенін хабарлаған еді.