бейсенбі, 4 шілде, 2024 15:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін – білім күні

Бүгін – білім күні
ашық дереккөзі
Бүгін – білім күні

Жаңа оқу жылының басталып, жас балаша күлім қағатын жаз мезгілінің аяқталып, күзбен таласа келген 1 қыркүйек – Білім күні. Жас үшін де, кәрі үшін де мерейлі мереке, зор қуаныш.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бала мен жоғарғы оқу орнына жаңа түсіп балмұздақ атанып жатқан студент үшін 1 қыркүйек ұмытылмас сәттерінің бірі. Бұл күнде балалармен бірге ұстаздардың да, ата-аналардың да мерейі тасып, бір жасап қалады.

Бұл мерекенің жылдан-жылға мәні артып келе жатыр десек артық айтқандық емес. Себебі білім жүйесі жыл санап өзгеріске ұшырап, жаңа жүйеге сай жаңа белестерді бағындырып келеді. Ендеше білім ордасын аттап жатқан барша түлектерге жаңаны жақсы жағынан қабылдап, жаңа жүйеге тез бейімделуіне тілектестік білдіреміз. Тарыдай болып кіріп, таудай болып шығатын аяулы мектеп қабырғасын тәтті естеліктерге толтырып, жүйелі білім мен тәртіпке, саналы сана мен терең ойға толы азамат бола беріңіздер! Ұлағатты ұстаздың асыл еңбегін, аяулы ата-ананың ақ үмітін ақтай біліңіздер!

Барша сүйікті оқырмандарымызды бүгінгі Білім күнімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!

massaget.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар