дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 8:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің қай өңірінде азық-түлік бағасы арзан?

Еліміздің қай өңірінде азық-түлік бағасы арзан?
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Қазақстанның қай облысында азық-түлік бағасы арзан екені белгілі болды

Еліміз бойынша Солтүстік Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар 11 азық-түліктің бағасы республикадағы орташа бағадан төмені нақыталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.    
 
Мұнда ұнның бағасы елдегі орташа бағадан 33% арзан. Яғни, орташа баға 224 теңге болса, Петропавлда ұнның келісі 150 теңге. Ал сәбіз бағасы 14% арзан. Орташа баға 152 теңге болса, СҚО-да 130 теңге. С1 санатындағы жұмыртқа – 462 теңге. Орташа баға – 545 теңге. Сондай-ақ, сиыр еті 2 388 теңге, орташа бағадан 7,2 пайыз арзан болса, нан 17,4%, рожки 19,6% арзан екені белгілі болған.
 
Арзан өнімдер қатарында қарақұмық жармасы, сарымай, пияз бен орамжапырақ бар.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар