сенбі, 23 қараша, 2024 0:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды

Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды
ашық дереккөзі
Инклюзивті білім беру туралы үздік материалға республикалық байқау жарияланды
"Болашақ" қоры журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушылары арасында инклюзивті білім беруді жариялау бойынша үздік материалға жыл сайынғы байқауды бастады. Конкурс 5 аталым бойынша өткізіледі: телевизиялық жұмыс, әлеуметтік ролик, баспасөз бетіндегі жарияланым, интернет-мақала және интернет- жарияланым/пост.
Өтінімдер 2021 жылғы 1 наурызға дейін қабылданады. Жеңімпаздардың есімдері Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні, яғни 2021 жылғы 2 сәуірде жарияланатын болады. Конкурс арқылы ұйымдастырушылар даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің практикасы мен сәтті тәжірибесін атап өтіп, азаматтарды инклюзивті білім берудің міндеттері мен артықшылықтары туралы ақпараттандыру процесіне журналистер мен әлеуметтік желі пайдаланушыларды тартуға тырысады. Қазылар алқасының құрамына белгілі журналистер, медиа жетекшілері және жанашыр азаматтар кірді. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 500 000 теңге.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар