Колледждің І курс студенттері штаттық режимде оқиды
Колледждің І курс студенттері штаттық режимде оқиды
Екінші семестрден бастап облыстағы кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарындағы 1 курстың 5659 студенті штаттық режимде оқиды. Бұл туралы білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді. Штаттық режимде оқыту жергілікті атқарушы орган және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 15 студенттен аспайтын шағын топтарда жүргізіледі. Өндірістік оқыту, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар мамандықтардың ерекшелігіне байланысты кәсіпорындар базасында, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында барлық санитарлық талаптар сақталып жүргізілетін болады. Жалпы бүгінгі таңда облыстағы 46 колледжің 7-уінде 1200 студент дәстүрлі форматта білім алуда.