Әлеумет

«Әлеуметтік әмиян»: Мектеп оқушылары жеңілдікпен тамақтанып, тегін дәрі-дәрмекпен қамтылады

Аталған жоба пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері жүзеге асырылған

Қыркүйек айының бірінен бастап еліміздің барлық өңірінде «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде оқушыларды тегін және жеңілдікпен тамақтандыру бойынша жобаны кеңінен тарату басталады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлайды, деп жазады Jambylinfo.kz.

Аталған жоба пилоттық режимде 2023 жылдың соңынан бері елімізде азаматтардың жекелеген санаттарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыру сияқты қызметтер іске асырылуда.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 43 ұйым қосылды, 30 мың рецепт іске асырылды; мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтандыруға – 93 ұйымға 27 мың түскі ас таратылды.

«Әлеуметтік әмиянды» әзірлеушілер аталған пилоттық жобаның сәтті тәжірибесін таратуға ниетті.

Бұдан басқа, «Әлеуметтік әмиян» шеңберінде ақшалай қаражатты монетизациялау, мүгедектігі бар адамдар үшін техникалық оңалту құралдарын сатып алу; халықтың әлеуметтік осал топтарына ӘМАТ тізбесінен азық-түлік сатып алуда атаулы көмек көрсету; әлеуметтік осал санаттағы тұтынушылар үшін тауарлы газға ваучерлер мен ЖЖМ бағасының өсуін өтеу үшін ваучерлер ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосу қосымша пысықталуда.