жексенбі, 7 шілде, 2024 10:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мүбарак Жинақбаева жаңа қызметке тағайындалды

Мүбарак Жинақбаева жаңа қызметке тағайындалды
ашық дереккөзі
Мүбарак Жинақбаева жаңа қызметке тағайындалды
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі №195 бұйрығымен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы болып Жинақбаева Мүбарак Қасымқызы тағайындалды. Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудан әкімі жаңа басшыны мектеп директорларына таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі. -Өңіріміздегі білім саласында 2 мыңнан аса ұстаздар қауымы қызмет етуде. 47 мектепте 20913 оқушыларымыз бар. Осындай үлкен салаға басшылық жасау – үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, жаңадан бастап жатқан қызметіңізге табыс тілеп, Шу ауданының білім саласын қарқынды дамытуыңызға сенім білдіремін!​ – деді Нұржан Сәбитұлы. Мүбарак Жинақбаева 1965 жылы Жамбыл облысы, Шу қаласында дүниеге келген. Білімі-жоғары. Жамбыл педагогикалық институтын «қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі», М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қызмет көрсету саласы» мамандықтары бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1983 жылы Шу қалалық комсомол комитетінің есеп секторының статисті болып бастаған. 2008-2014 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы. 2017-2019 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы. Бірақатар жауапты қызметтерді атқарған. Осы кезге дейін Шу ауданы әкімінің кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.
Шу ауданы баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар