Әлеумет
Мәселені шештік. Әліппе мектеп бағдарламасына ресми түрде енді – Аймағамбетов
- авторjambylinfo.kz
- 24 желтоқсан, 2020
- 362
Мәселені шештік. Әліппе мектеп бағдарламасына ресми түрде енді – Аймағамбетов
Бұл туралы Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы өткен онлайн брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
Мектептің бағдарламасына көптен айтылып жүрген мәселе – өзіміздің әліппе мен ана тілі пәндерін қайта қайтару. Бұл мәселені де шештік. Мектеп бағдарламасына ресми түрде енді. Мемлекеттік стандартқа енді. Бағдарлама жасалды. Ол биыл күзде бекітілді. Бағдарлама бойынша жаңа оқулықтар дайындалды. Жаңа оқулықтар бойынша пилоттық режимде 100-ден астам мектепте оқыту басталды. Жоба біткеннен соң келесі жылдың қыркүйек айынан бастап еліміздің барлық мектебінде бүлдіршіндеріміз әліппемен және ана тілімен білім алатын болады. Сондықтан бұл жұмысты да орындадық деп айта аламыз, - деді Аймағамбетов.Сонымен қатар, министр ОКҚ-де оқулық сапасы бойынша да көп мәселе болғаны туралы айтты.
Оқулықтың сапасы бойынша жалпы тәртіпті өзгерттік. Сараптама жасауды, авторлардың оқулықты дайындауы бойынша мәселелерді қайта қарап шықтық. Баспалардың жауапкершілігін бекіттік, - деді Білім министрлігінің басшысы.baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Шу ауданында ұрлық жасаған екі күдікті ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Әлеумет
Жамбыл облысында "Айбалта-2024" оқу-жаттығуы өтіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2024