бейсенбі, 4 шілде, 2024 15:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік грантпен білім алған түлектер 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Мемлекеттік грантпен білім алған түлектер 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі
ашық дереккөзі
Мемлекеттік грантпен білім алған түлектер 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі

Мәжіліс депутаты ЖОО түлектері мемлекеттік бюджеттің есебінен қанша уақыт білім алса, сонша уақыт жұмыс істеуін талап ету керек деген ұсыныс айтты.

Елімізде білім беру жүйесіндегі қолданыстағы заңға сәйкес, медициналық және педагогикалық сала бойынша грантпен білім алған түлектер ЖОО аяқтағаннан кейін 3 жыл көлемінде білім алған мамандықтары бойынша жұмыс істеулері тиіс.

"Десе де, алғашқыда грантқа түсіп, кейін оқудың аяқталуына бір немесе жарты жыл қалған кезде ақылы бөлімге ауысқан студенттер жұмыстарын өтемейді.  Сондай-ақ, керісінше, ақылы бөлімнен грантқа ауысып жатқандар оқу орнын бітіргеннен кейін 3 жыл жұмыс істеуге міндеттеледі", дейді Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.

Осы орайда Мәжіліс Парламентінің жалпы отырысында халық қалулысы ЖОО түлектері мемлекеттік бюджеттің есебінен қанша уақыт білім алса, сонша уақыт жұмыс істеуін талап ету керек деген ұсынысын айтты.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар