Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім және балық аулау саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді.
Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары өте әлсіз жүргізілуде. Өңір басшысы тиісті басқармалардың жұмысына осындай баға берді.
- Жаңа оқу жылына дайындық шараларына байланысты көптеген тапсырмалар берілген болатын. Нәтижелер көрсетіп отырғандай, ол тапсырмалар орындалмаған. Өңірде мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға жеткілікті қаржы бөлінген. жоспарға сәйкес көптеген нысандардағы құрылыстарды 25 тамызға дейін аяқтау керек. Дегенмен, менің байқауымша, нысандардың құрылысы күзде, оқушылар мектепке баруға мәжбүр болған кезде ғана аяқталмақ. Көбісі оқу қашықтықтан өтеді деп үміттенуде. Сондықтан олар аса асықпайды. Осы орайда білім беру саласындағы жұмыстардың өте нашар жүргізіліп жатқанын айта кету керек. Бұл оқулықтармен және компьютерлермен қамтамасыз етуге де қатысты, - деді облыс әкімі.
Облыс әкімдігі білім басқармасының басшысы Гүлнәр Ходжабергенова атап өткендей, қазіргі таңда облыста 22 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, олардың тоғызы биыл салынып бітуі керек. Құрылыс жұмыстарына 10,1 миллиард теңге бөлінді. 7,7 млрд. теңгеге 42 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Оның 32-індегі жөндеу жұмыстары 30 тамызға дейін, ал алты мектепте күрделі жөндеу тек 30 қыркүйекте аяқталмақ.
- Неліктен жұмыс кешіктіріліп жатыр, неге аудан әкімдіктері тарапынан бақылау жоқ? Аудан әкімдері, әкімдіктердің құрылыс бөлімдерінің басшылары қайда қарап жүр! Менің түсінуімше, мердігерлерге асығар емес. Жаңа оқу жылына аз уақыт қалған кезде неге тиісті шаралар қабылданбайды?
Енді мектептері әлі пайдалануға берілмеген балалар шалғайдағы мектептерге барып оқуға мәжбүр. Олар онда қалай қатынайды? Жолда балаларға бірдене болып қалмасын деп тілейік, - деді Б.Сапарбаев.
Білім басқармасының басшысы нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарының созылыуын жұмысшылардың жетіспеушілігімен түсіндірді.
- Бұл мәселе құрылыс басқармасы және аудан әкімдіктерінің құрылыс бөлімдерінің бақылауында болуы керек еді. Барлық нысандарды пайдалануға беру мерзімі 25 тамызға белгіленген. Егер жұмыс барысын қадағаламаса, техникалық қадағалау не үшін қажет? Жалпы тапсырмалар не үшін беріледі? Егер құрылыс басқармасы өз жұмысын жүргізе алмаса.
Білім беру саласындағы тағы бір маңызды мәселе – сырттағы мектеп дәретханалары қатысты. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, олардың бәрі 1 қыркүйекке дейін мектеп ғимараттарына енгізілуі керек еді. Бұл үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген. Белгілі болғандай, осы уақытқа дейін 285 дәретхананың тең жартысы ғана көшірілген. Бұл орайда Байзақ, Қордай, Меркі, Шу аудандары айтарлықтай артта қалып отыр. «Басқалардан қарағанда көбірек қаражат бөлінді, бірақ ол тиімсіз игерілген» деген Бердібек Сапарбаев Байзақ ауданының білім саласындағы жұмысын сынға алды. Өңір басшысы жылы санитарлық тораптармен жабдықтау бойынша қатал ескертулер жасады.
- Бұл біздің өзіміздің балаларымыз. Неге құрылыс кезінде осы туралы ешкім ойламайды? Неліктен дәретханалар арасында бөліктер жасалынбаған? Әр дәретханаға кем дегенде екі миллион теңге жұмсалады. Бұл қарапайым дәретхана салу үшін шынымен жеткіліксіз бе?
Оқу жылының басталуына небары 10 күн қалды, ал жұмыс аяқталған жоқ. Мен аудан әкімдерінің қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олардың орнында болсам, желтоқсан айында балалардың күн сайын көше дәретханаларына қалай баратындарын ойланатын едім. Бұл балалардың алдында ұят, - деді облыс әкімі.
Сонымен қатар Б.Сапарбаев облыстағы барлық мектептерде бейнебақылау камераларын орнатуды тездетуді тапсырды. Белгілі болғандай, бейнекамералардың 80 пайызы ескірген десек, оларды сандық камераларға ауыстыру керек.
Оқушыларды компьютермен қамтамасыз етуге келетін болсақ, облыстағы 234 715 оқушының тек 134,863-і (57,4%) дербес компьютер мен ноутбугі бар. 99 852 оқушының (42,5%) компьютерлік техникасы жоқ. Жыл басынан бері облыс мектептері үшін 2 658 компьютер сатып алынды. Жыл соңына дейін 30 мыңнан астам компьютер сатып алу жоспарлануда. Облыстың 130 елді мекенінде интернетпен қамтылмаған десек, бұл елді мекендерде 123 мектеп бар. Онда 18 937 оқушы оқиды.
Сондай-ақ, аймақ басшысы ауылдық мектептердегі мұғалімдер мен оқулықтардың жетіспеушілігіне назар аударды, ондағы мектептер әзірге тек 44 пайызбен қамтамасыз етілген. Білім беру саласы мәселелеріне ненігзделген келесі отырыс 10 күннен кейін өтпек, онда ведомство басшылары атқарылған жұмыстар туралы есеп беруі тиіс. Б.Сапарбаев кемшілікке жол берген әрбір тиісті тұлға жауапқа тартылатынын атап өтті.
Басқосудың күн тәртібіндегі келесі мәселе – балық шаруашылығы. Осыдан үш ай бұрын аймақ басшысы Сортөбе ауылы аумағында форель өндірісін іске қосу бойынша тапсырма жүктеген болатын. Бірақ бұл бағыттағы жұмыстар әлі аяқталмаған. Қазіргі таңда ол маңда ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті аумақ 22 учаскеге бөлініп, әлеуетті инвесторлардың тізімі жасақталған.
Сонымен қатар, Б.Сапарбаев ауыл шаруашылығы басқармасына Балқаш көліндегі балық аулау бойынша квотаны ұлғайтуды, сондай-ақ көл жағасында демалыс аймағын ашуға инвестициялар тартуды тапсырмалар жүктеген.
- Балық шаруашылығын жан-жақты дамытып, балықшыларға қолдау көрсетуіміз керек. Ол үшін балықшыларға гранттар мен микрокредиттер беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Каналдарды қалпына келтірумен айналысатын «Талас-Аса» механикаландырылған жасақтарға қолдау қажет - деп түйіндеді облыс әкімі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында "Айбалта-2024" оқу-жаттығуы өтіп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 12 қыркүйек, 2024