жұма, 22 қараша, 2024 20:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушылар екінші тоқсанды қалай оқиды?

Оқушылар екінші тоқсанды қалай оқиды?
ашық дереккөзі
Оқушылар екінші тоқсанды қалай оқиды?

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов екінші тоқсанда мектеп оқушыларының қалай оқитыны туралы сұраққа жауап берді.

Вице-министр хабарлағандай, Денсаулық сақтау министрлігі әр өңірдегі санитарлық-эпидемиялық ахуал бойынша жеке-жеке шешім қабылдайды.

"Білім ұйымдарына келсек, біз барлық оқыту формасына дайынбыз. Ал қызыл және сары аймақтағы өңірлерге келсек, олар бойынша Ведомствоаралық комиссия шешім қабылдайды. Жағдай күн сайын өзгеріп отыр. Өзге елдерде коронавирус инфекциясының қалай өскенін көріп отырсыздар. Мұнда өңірдің эпидемиялық ошаққа қаншалықты жақын орналасқаны ескерілетін болады. Жақын арада бұл мәселе бойынша шешім қабылданып, БАҚ пен жұртшылыққа хабарланарына сенімдімін", дейді Мирас Дәуленов.

Министрліктің мәліметінше, 1-5 сынып оқушылары ата-ана қалауымен кезекші сыныптарда оқи алады. Ал мектептер 300 балаға дейін дәстүрлі форматта оқыта алады.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар