Д.А.Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай оқырмандардың Еліміздің Ата заңы жөнінде түсінікті тереңдету, оларға Конституция ұғымы, тараулары, қабылдануы, қазіргі кездегі қолданысы туралы ақпарат, бүгінгі өмірмен байланыстыра білім беру мақсатында әлеуметтік желіде «Еліміздің басты заңы – 25 жаста» слайд-презентация жарияланды.
Слайд барысында қатысушыларға қабылданған Тәуелсіз еліміздің басты заңы – Конституция туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімін ояту, Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу мақсатында мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық «Жамбыл дарыны» орталығымен бірлесе отырып, «Айбары асқақ – Ата заң» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Ойын барысында оқырмандарға Ата Заңның маңыздылығы мен тарихы туралы кеңінен мағлұмат беріліп, екі топқа бөлінген қатысушылар интеллектуалды сұрақтарға жауап беру, мақал-мәтелдерді жалғастыру, сиқырлы қалам сайыстары бойынша өз бақтарын сынады.
Іс-шара соңында оқырмандар «Жүрек жылуы» жаттығу арқылы бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, кітапханашы «Айбары асқақ – Ата заң» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш қонақтары «Алға» әнін орындап, кітапханамен Д.А.Қонаев атындағы Халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесіне саяхат жасады.
Іс-шараға 15 оқырман мен кітапхана қызметкерлері қатысты. Жарияланымдар 380 қаралым, 56 лайк пен 10 оң пікір жинады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Журналист, қаламгер Құралай Сейсенбекқызы студенттермен кездесті
- авторjambylinfo.kz
- 5 қараша, 2024