сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс оқушылары – білім биігінде

Облыс оқушылары – білім биігінде
ашық дереккөзі
Облыс оқушылары – білім биігінде

3-4 желтоқсан күндері 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша өткізілген ХІІІ Президенттік олимпиадасы өз мәресіне жетті. Дәстүрлі дода биыл қашықтықтан ұйымдастырылды. Олимпиада үш кезеңде өтіп, бірінші кезеңге облыс бойынша 60-тан аса оқушы қатысты. Ал ақтық кезеңге облыстан 11 оқушы іріктеліп алынды. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша жамбылдық 5 оқушысы жеңімпаз атанды. 2 оқушы І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен, 2 оқушы ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен, 1 оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды. Атай айтсақ, І орынды Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Тұрарбек Сымбат және Дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушысы Тойжігіт Нұржас жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Айша-бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Мусатаева Мерей және Атакулова Назерке иеленді. Ал Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының оқушысы Бидайшиев Шыңтас ІІІ орынға ие болды. Жамбыл облысының командасы Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінде командалық ІІІ орынға ие болды.

  Кәмшат ҚАДЫР
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар