дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Онлайн оқу не берді?

Онлайн оқу не берді?
ашық дереккөзі
Онлайн оқу не берді?

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 16-наурызынан бастап Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде төтенше жағдай енгізген болатын. Осыған байланысты еліміздің барлық білім беру орындарында қашықтықтан білім берілуде. Бетқайнар колледжінде бүгінгі таңда 479 студент Жамбыл типо платформасы арқылы қашықтықтан білім алуда. Осыған сай 40 оқытушы онлайн оқытуды жүргізіп отыр. Қашықтықтан оқыту интернет желісі арқылы компьютермен кез-келген уақытта және кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді. Бұл, әсіресе, жұмыс істейтін немесе үй шаруасымен айналысатын студенттер үшін өте маңызды, сондай-ақ денсаулығына байланысты өз үйінен шықпайтын адамдарға білім алуға қолайлы жағдай жасалған. Педагог пен студент арасындағы кері байланыс, яғни үйге берілген тапсырмаға жауап беру Жамбыл типо платформасы және ватцап желісі арқылы жүргізіледі. Студенттің үй тапсырмасының жауабын Жамбыл типо платформасынан қабылдап алып, электронды журналға бағалайды. Платформада студентпен хат алмасу бөлімінде үй тапсырмасы жауабының дұрыс немесе дұрыс емес екендігі туралы ойын білдіреді. Оқу бағдарламасын меңгергеннен кейін, білімін бағалау мақсатында студенттерден онлайн сынақ және аралық, қорытынды емтихандар алынады. Бейне сабақ түсіру үшін педагогтар өздеріне арнап YouTube канал ашты. Сол каналда өткізілген сабақтар сақталады. Педагогтар бейне сабақтарын Inshot, Bandicam, Kinemaster, Camtasio Studio, Power Director, Capture Recorder программалары арқылы түсіреді. «Онлайн сабақты жүргізу: сыртқы келбет және онлайн этикет» тақырыбында «сабақты трансляциялауға дейін және оны жүргізу барысында қандай мәселелерді назарда ұстау керек» екендігі туралы педагогтарға толық мәлімет берілген. Шәкірттерді оқуға қызықтыру, ынталандыру жайлы ойлаған кезде, біз олардың ішкі ынтасын арттыру жолдарын түсінуге тырысамыз. Оқуға қатыстыру дегеніміз оларды қызықтыру, жаңа бір нәрсе жасап көруге, таңдауға, қателесуге, қайтадан бастауға, табысқа жетуге ұмтылуға мүмкіндік беру. Осылайша, білімгерді оқуға белсенді қатыстырудың тәсілдерін қашықтықтан және дәстүрлі оқытуда кеңінен қолданып, балалардың дербес студентке айналуына көмектесеміз. Қашықтан оқытудың басым бағыты – қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарының көмегімен құрылған оқушының жеке танымдылығының қызметі. Бұл тәсіл білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылының интерактивтілігін және оқу процесінің өнімділігін қамтамасыз ететін ақпараттық және педагогикалық технологияларды біріктіруді көздейді. Бұл жағдайда ақпарат алмасу және жіберу оқушылардың нәтижелі білім беру қызметін ұйымдастыру үшін көмекші ортаның рөлін атқарады. Оқыту нақты уақытта синхронды түрде (чат, бейне байланыс, қашықтағы студенттер мен мұғалімдерге ортақ “виртуалды тақталар” және тағы басқалар), сонымен қатар асинхронды түрде (электрондық пошта негізіндегі телеконференциялар) жүреді. Колледжде пәндер апталығы, ашық сабақтар, тәрбиелік іс-шаралар ZOOM платформасы арқылы ұйымдастырылып өткізілді. Студенттеріміз облыстық және аудандық онлайн байқауларға қатысып, жүлделі орындарды олжалап та жүр.

 

Гүлнара Әлімбаева, №7 Бетқайнар колледжінің директоры

Қордай ауданы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар