сенбі, 5 қазан, 2024 20:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы не білуге болатынын айтты

Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы не білуге болатынын айтты
ашық дереккөзі
Сарапшы адамның телефон нөмірі арқылы не білуге болатынын айтты
Егер бөлмеде жасырын камера болса, смартфонның экранына жарығы түседі.
Интернеттің көмегімен ұялы телефон нөмірі арқылы адам туралы кез келген ақпаратты білуге болады. Бұл үшін арнайы мобильдік қосымшаны немесе іздеу жүйелерінің бірін пайдалану қажет. Бұл туралы ресейлік сарапшы Павел Мясоедов Прайм агенттігіне берген сұқбатында айтты. "Сізге кім қоңырау шалып жатқанын анықтау мақсатында Getcontact мобильдік қосымшасын пайдалануға болады, қосымшада "ақылды телефон кітапшасы" бар, онда пайдаланушылар жіберген телефон нөмірлері мен оның иесі туралы ақпарат жинақталған", - деді ол. Ал Роман Солдатенков смартфон арқылы жасырын орнатылған камераны қалай табуға болатынын жеткізді. "Бөлмедегі жарықты сөндіру қажет. Содан кейін телефонның камерасы мен шамын қосып, бөлмені аралаған жөн, төбені, қабырғаларды мұқият қарап шығу тиіс. Егер бөлмеде жасырын камера болса, смартфонның экранына жарығы түседі", - дейді сарапшы. Оның сөзінше, егер телефонның шамы болмаса, басқасын пайдалануға болады, тек гаджеттің камерасымен бір бағытта жарық түсіру тиіс. sn.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар