Сарысулықтар жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?
Сарысулықтар жаңа оқу жылына қаншалықты дайын?
2020-2021 оқу жылын бастауда Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы №340» Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы туралы бұйрығын басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізетін болады. Былтырғы оқу жылын 8890 оқушымен аяқтаған болатынбыз. Биылғы жаңа 2020-2021 оқу жылында аудандағы 27 мектептер бойынша 9212 оқушы бастайды деп жоспарлап отыр. Пандемияға байланысты жаңа оқу жылында оқу процесін 2 форматта өткізеді. Дәстүрлі оқыту және қашықтықтан оқыту. Аудандағы 27 мектептің 7195 баланы қамтитын 9 мектеп қашықтықтан оқиды, 2017 оқушымен 18 мектеп дәстүрлі форматта білім беруді бастайды. Бұл 18 мектепте бала саны 180-н аспайтын шағын жинақты мектептер. «Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылында оқыту ерекшеліктері туралы және жаңа оқу жылына дайындық аясында 19 тамыз күнгі жалпы Республикалық педагогикалық кеңес барлық 27 мектепте өткізілді. 20 тамыз күні «Жаңа оқу жылында балаларды оқыту туралы» біріңғай жалпы республикалық ата-аналар жиналысы да онлайн түрінде болып өтті. 21 тамыз күні «Жаңа оқу жылында мен қалай оқимын» атты тақырыпта біріңғай жалпы республикалық сынып сағаты оқушылармен онлайн түрінде өткізілді. 2020 жылдың 19-27 тамыз күндері аралығында «2020-2021 оқу жылында білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық пәндер бойынша секциялық отырыстары онлайн режимінде өткізілуде. 26 тамыз күні облыстық тамыз конференциясы болады онлайн түрінде. 28 тамыз күні онлайн режимінде аудандық тамыз конференциясы өтетін болады. 1 қыркүйек «Білім күні» онлайн форматта өткізу жоспарлануда Қашықтықтан жұмыс жасайтын 9 мектепте 1-4 бастауыш сыныптарда кезекші сыныптар ашылатын болады. Кезекші сыныптардағы бала саны 10-15 баладан болады. Кезекші сыныптарға балалар ата-ана өтініштері негізінде ата-аналары жұмыс істейтін, баласын үйде қадағалайтын ешкімі жоқ отбасы балалары қабылданады. «Кезекші сыныптарға» оқуға созылмалы аурулары жоқ балалар жіберіледі. Балаларды оқытуға арналған өтініштер ата-аналардан қолжетімді байланыс құралдары арқылы 2020 жылғы 15-24 тамыз аралығында электронды түрде қабылданады. «Кезекші сыныптарға» қабылдау жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығы негізінде 2020 жылғы 25 тамызда жүзеге асырылады. Бұл кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық эпидемиялогиялық талаптарды қатаң сақтап, балалардың ара қашықтықтығын сақтап жұмыс жасайтын болады. Оған 9 мектепте 95 кезекші сыныпта 1298 оқушы келеді деп күтілуде. Келесі кезекте осы қашықтықтан оқитын 9 мектептегі оқушыларды компьютерлік техникалармен және интернетпен қамтамасыз ету. Қашықтықтан оқытылатын 9 мектепте жалпы отбасы саны 2542, ондағы қашықтықтан оқытылатын оқушылар саны 5897. (Аз қамтамасыз етілген 502 отбасыда 1070 оқушы бар 18,2%). -компьютер техникасы бары 954 отбасы, 37,5% құрайды (2111 оқушы), оның ішінде аз қамтамасыз етілген 159 отбасы, 31,7% құрайды, (380 оқушы). -компьютер техникасы жоқ 1588 отбасы, 62,5% құрайды (3786 оқушы),оның ішінде аз қамтамасыз етілген 343 отбасы, 68,3% құрайды, (690 оқушы). -интернеті бары 766 отбасы, 30% құрайды (1687 оқушы), оның ішінде аз қаматамасыз етілген 122 отбасы, 24,3% құрайды (218 оқушы). -интернеті жоғы 1776 отбасы, 70% құрайды (4210 оқушы), оның ішінде аз қамтамасыз етілген 380 отбасы, 75,6% құрайды (852 оқушы).. Қазіргі таңда аз қамтылған, көпбалалы отбасы балаларына, ерекше білім беруді қажет ететін және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 529 отбасыдағы 690 балаға мектептің балансында тұрған компьютерлік техникалардан 529 компьютер, моноблок, ноутбуктер уақытша пайдалануға таратылып берілді. 7 мектептегі интернеті жоқ 336 отбасыға роутер құрылғысы сатып алынса, 2 мектептегі 44 отбасыға транстелеком интернет желісін тартатын болады. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқитын мектептерге «Дарын» онлайн платформасына қосылу үшін келісім шарт жасалуда. Қазіргі таңда барлық мектептерде 27 кварц лампасы, 47 тепловизор, 250 литр антисептик, 16 қол кептіргіш, 10 дана санитайзер бар. Штатық режимде оқытылатын мектептің барлық сыныптарында, оның ішінде мектеп алды сыныптарда білім алушылардың күн сайынғы температурасын өлшеуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады. Дене қызуы нормадан жоғары, ауру белгілері бар балалар үйлеріне оралады, ауырған адамдар анықталған жағдайда барлық сынып қашықтықтан оқытуға көшу қамтамасыз етіледі, мектеп жұмысын жалғастырады. Мұғалімдерге кабинеттерде жүруге, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс іс-шаралармен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады; 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін мектептерде мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық шаралар толығымен тоқтатылады. Оқу форматына қарамастан, қазақ және орыс тілдерінде оқитын оқушыларға мұғалімдер мен ата-аналардың көмегімен 1-11 сыныптардан бастап республикалық «Ел-Арна», «Балапан» теледидарлық сабақтары арқылы оқу мүмкіндігі беріледі. Теледидар сабақтары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми арналарында ақысыз көрсетіледі. Теледидар сабақтары қосымша білім беру ресурсы ретінде қолданылады. Күрделі жөндеу Екі мектепте Ақтоғай және Жаңаталап орта мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1) Ақтоғай орта мектебіне «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 157 527,0 мың теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде. 2) Жаңаталап орта мектебіне «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында 79 874,0 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жоғарыда аталған екі нысанның аяқталу мерзімі 2020 жылдың 20 тамызы. Әжетханалар бойынша: Білім бөліміне қарасты 21 мектептің әжетханаларын ғимарат ішіне кіргізу үшін 17 мектеп ағымдағы жөндеу және 4 мектеп жапсарлас (модульді, сэндвич тақтайшасы) арқылы шешімін тапты. Қазіргі таңда 17 мектептің санитарлық торабы, тоспа су кететін шұңқырлары жоқтарға қайта ыңғайластырып орнату және жөндеу жұмыстарының 16-і толық аяқталып, қалған 1 мектептің әжетханасы 22 тамызда толық аяқталады. Сонымен қатар, Жаңатас қаласындағы кәріз жүйелері орталықтандырылған, әжетханалары бар мектептерге санитарлық нормаларын орындау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 5 мектептің 4 толық аяқталды қалған 1 мектеп 22 тамызда толық аяқталады. Бейнебақылау камералары бойынша 27 мектепке 448 дана сандық (ІР камера) бейне бақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 27 мектептің 24 толық аяқталған, қалған 3 мектепті 22.08.2020 жылы толық аяқталады деп күтілуде.