дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үш тілді меңгерген жастар бәйгеге түседі

Үш тілді меңгерген жастар бәйгеге түседі
ашық дереккөзі
Үш тілді меңгерген жастар бәйгеге түседі
Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыратын Қазақстан халқы тілдері күні аясында "Тіл шебері" республикалық онлайн байқауы 2020 жылдың 16 қыркүйегінде өтеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  "Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек" - деген сөзі  жастарға қуат берді. "Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының" негізінде  үш тілді меңгертуге басымдық берілді. Қазақстан халқы тілдері күні аясында  жастар арасында тіл мәдениетін,   халықаралық қарым-қатынас құралы тілдерді жастардың меңгеру деңгейін  байқау арқылы анықтау. Жастардың  көп тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіруді мақсат етеді. Қазақ тілі – мемлекет құраушы ұлттың тілі, мемлекеттік тіл, ішінара басқа ұлт өкілдерімен өзара түсінісу, қарым-қатынас тілі, БАҚ арқылы ақпарат алу тілі, басқа тілдерді үйрену үшін базалық тіл. Орыс тілі – еліміздегі өзге этностармен қатынас тілі және ақпарат пен ғылымның тілі. Ағылшын тілі – бүгінде халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен ақпараттың негізгі тілі. Онлайн-байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және 14 облыстан іріктелген 21 мен 35 жас аралығындағы 16 үш тілді меңгерген үміткер жастар бәйгіге түседі. Онлайн-байқау "Елтаным", "Сөзтаным", "Ойтаным" кезеңдері бойынша үміткерлердің біліктілігін анықтайды. Іс-шараға тікелей эфир арқылы қатысқан үміткерлердің өнерін бағалау  олардың тілдерді меңгеру деңгейі, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі  бағаланады. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес қатысушылар дипломдармен, алғысхаттармен және де ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Байланыс телефондары: 8 (7172) 74-05-23, 74-08-77, 27-30-43
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар