дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 7:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шулықтар пайызсыз баспанаға қол жеткізді

Шулықтар пайызсыз баспанаға қол жеткізді
Фото: облыс әкімдігі
Наурыз мейрамы аясында Шу қаласында бес қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жеке кәсіпкер Арман Абаев жерлестеріне пайыз пәтерге қол жеткізуге көмектесіп, нәтижесінде 30 отбасы қоныс тойын тойлап жатыр.

Бұл жобаның бір ерекшелігі – тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз бөліп төлейтін болады.

Мысалы, сіз 10 миллионның  пәтерін алсаңыз, 3 миллион теңгесін бірден төлеп, қалған 7 миллионын 5 жылдың ішінде пайызсыз, бөліп төлей аласыз.

30 пәтерлік бес қабатты тұрғын үйде бір бөлмеден бастап, төрт бөлмелі пәтерлер де орналасқан.  Бұл жоба халыққа баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады.

Пайызсыз баспана алған  жандардың бәрі дән риза. Соның бірі - Дидар Сандыбайқызы ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

  • Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Бүгін үйіміздің кілтін қолымызға алып, қуанып жатқан жайымыз бар. Баспаналы болуды армандап жүргендерге жұғысты болсын. Бұйырса, осындай  тиімді, жайлы, жылы тұрғын үйлер көбейе берсін",-деді ол қуанышымен бөлісіп.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар