жұма, 20 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда алғаш рет «Эко LIFE» фестивалі өтіп жатыр

Таразда алғаш рет  «Эко LIFE» фестивалі өтіп жатыр
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Фестивальге 300-ден аса жастар қатысып жатыр

Жамбылдық жастардың бастамасымен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында алғашқы «Эко LIFE» фестивалі басталды. деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Облыс орталығындағы «Көктем» алқабында өткен фестивальге 300-ден астам жастар қатысып, онда арнайы тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған шөптерді орып, алқапты қоқыстардан тазартты.

«Біздің мақсатымыз аталған фестиваль аясында қоқыс басқан алқаптарда немесе қураған шөп басқан елді мекендерде өрттің алдын алу және жастарға тазалық басты құндылық екенін түсіндіру және оны кеңінен насихаттау. «Бұл менің қоқысым емес, бірақ менің жерім» атты сөздің мән мағынасын кеңінен ашып, жастардың өз еліне-өз жеріне деген махаббатын артыру» - дейді үздік волонтер Е.Мелдебек.Айта кету керек, аталған акция барысында барлық ауданның жастары белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, эстафетаны келесі ауданға береді. Осылайша эстафета түріндегі экологиялық акция апта сайын әр ауданда өтетін болады.

Шара соңында 2022-2023 жылғы халықаралық үздік волонтер А.Нәмелбек және Тараз қаласының жастары эстафетаны Жамбыл ауданының жастарына жолдады.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар