Әлеумет

Қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою міндеттеледі

The final spritzer

Қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке қою міндеттеледі

Елімізде 1 қыркүйектен бастап үй жануарларын есепке алу ережелері күшіне енеді. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Жергілікті атқарушы орган жануарларды есепке алу жөніндегі ақпараттық жүйені өзі айқындайды. Сондықтан азаматтар сұрақтар бойынша жергілікті әкімдікке жүгінуге құқылы. Есепке алу нормаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 407-2-бабында тиісті айыппұл көзделген.