сенбі, 28 қыркүйек, 2024 22:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұлдызды 100 түлек» жобасы іске аса бастады

«Жұлдызды 100 түлек» жобасы іске аса бастады
ашық дереккөзі
«Жұлдызды 100 түлек» жобасы іске аса бастады

Әр университет жұмысының көрсеткіші – түлектері. Түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін зор мақтаныш. "Дулати университеті" түлектері қоғамның барлық саласында белсенді еңбек етіп, алдыңғы қатардан көрініп жүр.

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Ұстаз - ұлы есім» атты онкүндігіне орай «Музыка және хореография» кафедрасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 100 түлек» жобасы  аясында Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармония әншісі,  «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2015), ҚР Мәдениет саласының үздігі (2016),  «Музыкалық білім» мамандығының 2006 жылғы түлегі Дана Маханбаевамен онлайн кездесу өткізілді.

Кездесуге «Музыка және хореография» кафедрасының профессор-оқытушылары құрамы мен студенттер, қала мектептерінің музыка мұғалімдері қатысты.  «Музыка және хореография» кафедрасының меңгерушісі П.Ж.Абдикеримова «Жұлдызды100 түлек» жобасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы  айтулы мерекесіне орай жүзеге асырылатынын айтып, аталған жобаның мақсаты, міндеттерімен таныстырды.

Кездесу «ДАНАНЫҢ СТУДЕНТТІК ӨМІРІ» виртуалды саяхатпен басталды. Дана Маханбаева бұл тосын сыйға таң қалып, студенттік жылдарын, ұстаздарын сағынғанын айтып, «Бейнежазбаларды көріп, көзіме жас алдым, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерім ұстаздарымның арқасында»,- деп ағынан жарылып, ұстаздарға бас иіп, алғысын білдірді.

Студенттер өз тарапынан «Қазіргі кезде шығармашылығыңызда қандай өзгерістер орын алуда?», «Алдағы уақытта білім беру ісімен айналысасыз ба?»,«Қазіргі заңға сәйкес фонограммасыз ән айтуға қөзқарасыңыз қандай?» т.б. сұрақтар қойып, жауаптарын алды. Әнші жетістікке жетудің сыры – талмай еңбектенуде екенін айтып, бүгінгі жастарды көп еңбектенуге шақырды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар