сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 1:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Жаңа жылдық әлде жаңажылдық". Дұрыс жазылуы қандай?

"Жаңа жылдық әлде жаңажылдық". Дұрыс жазылуы қандай?
ашық дереккөзі
"Жаңа жылдық әлде жаңажылдық". Дұрыс жазылуы қандай?

2020 жылдың бітуіне де аз-ақ қалды. Жақын арада жаңа жылға арналған құттықтау мәтіндері мен тілектер легі тарала бастайды. Сол уақытта «жаңажылдық» деп жазған дұрыс па, «жаңа жылдық» деп жазған дұрыс па деп ойланып қалуымыз мүмкін. Тіпті, әлеуметтік желілерде «жаңа-жылдық» деп дефис арқылы жазып жүргендер бар.

Сонымен бұл сөз қалай жазылады? Жаңа жылдық - күрделі сын есім. Жаңа - сапалық сын есім, жылдық - қатыстық сын есім. Екі сөздің түбірін талдасақ, сапалық сын мен қатыстық сынның тіркесуі арқылы жасалып тұр. Мысалы, қалың қамысты (көл), ақ қанатты (құстар) , кең маңдайлы көк көйлекті (қыздар) т. б. Демек, жаңа жылдық сөзі бөлек жазылады. Сапалық сын есім - заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір түбірден жасалған сөздер. Мысалы, қара, көк, үлкен, жақсы т.б. Қатыстық сын есімдер - бір зат пен екінші заттың қатысын, байланысын білідіретін сын есімдер. Мысалы, орманды алқап, далалы мекен, келбетті ару, ашулы адам. stan.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар