Әлеумет

Жамбыл облысында "Айбалта-2024" оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Шара 2-13 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған

Бұл күндері Жамбыл облысының "Мәтібұлақ" оқу полигоны базасында "Айбалта-2024" жедел-тактикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарады деп жазады Jambylinfo.kz

Оған қатысу үшін Қазақстанның оңтүстігіне "Оңтүстік" және "Шығыс"өңірлік қолбасшылықтарының бөлімшелері келді. Әскерлердің әр тобынан жаттығуға екі механикаландырылған бригададан қатысады.  Олар бір-біріне қарсылас ретінде әрекет етеді.

Сондай-ақ, оқу-жауынгерлік міндеттерді пысықтау мақсатында биылғы жылдың 26 тамызынан бастап бөлімшелер аралас тәсілмен, яғни теміржол және автокөлік жолымен марш жасайды. Содан кейін тұрақты орналасу пунктеріне де солай оралады.