Әлеумет

Жамбылда пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Жамбылда пәнаралық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды

Облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті. Білім сайысына өңірдің түкпір-түкпірінен жиылған 5-6 сыныпта оқитын 200-ге жуық оқушы қатысып, таңдаған пән бойынша тапсырмаларды орындады. Оқушылар математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өз білімдерін сынады. Олимпиаданың қорытындысы бойынша І орынды 24 оқушы жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды 24 оқушы, ІІІ орынды 38 оқушы иеленді. Облыстық кезеңнен бірінші және екінші орын алған оқушылар республикалық кезеңде өңір намысын қорғамақ. Жеңімпаздарды құттықтап, олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған оқушыларға сәттілік тілейміз!