Әлеумет

Жамбылдық 20 оқушы бірегей мектепте білім алады

Жамбылдық 20 оқушы бірегей мектепте білім алады

Жамбыл облысындағы дарынды 20 оқушы білімдерін «Бурабай» курорттық аймағында орналасқан «IQanat High School of Burabay»-да жалғастыратын болады. Жаңадан ашылған бірегей мектепте IQanat олимпиадасына қатысып, барлық кезеңдерінен және мектептің іріктеу тестінен сүрінбей өткен ауылдың дарынды оқушылары тегін білім алатын болады. «IQanat High School of Burabay»-да оқу ҚР БҒМ мемлекеттік стандарттарына сәйкес үш тілде жыл бойы жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық оқушыларға мәтінді қолмен енгізу функциясы бар Ноутбук-трансформерлер ұсынылады.