Әлеумет

Жамбылдық 91 оқушы үздік мыңдыққа енді

Жамбылдық 91 оқушы үздік мыңдыққа енді

«Мың бала» Ұлттық олимпиадасына қатысқан жамбылдық 335 оқушының 91-і жеңімпаз атанып, үздік 1000 баланың қатарынан көрінді. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылған ауыл оқушыларына арналған білім бәйгесіне облыс бойынша 28 507 оқушы қатысқан. Жеңімпаздардың 33-і 5-сыныпты, ал 58-і 6-сыныпты тәмамдаған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің квоталарына сәйкес 6-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар оқуын «Білім-инновация» лицейлері мен «Дарын» мектептерінде жалғастыруға мүмкіндік алады. Еліміздегі дарынды балаларға арналған мектептердің басым бөлігі оқушыларды 7-сыныптан бастап қабылдайтынын ескеріп, 5-сыныпты аяқтаған жеңімпаздар Елбасы Академиясының қашықтан оқыту мектебінде олимпиададан кейінгі сүйемелдеуге ие болды.